Экология министрлігі мен UNICEF қоршаған ортаны қорғау акциясын ұйымдастырды

Бүгін, 16:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Экология министрлігі мен UNICEF қоршаған ортаны қорғау акциясын ұйымдастырды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру.

«Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосатын болады», делінеді хабарламада.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі акцияға қатысқан барлық азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатты сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ мұндай экологиялық акциялар қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге ықпал ететінін мәлімдеді. 

Еске салсақ, Астанада EcoFamily отбасылық сенбілігі өтті.