17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Эко-Хаб» елордалық студенттерге қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы түсіндірді

|
Photo: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Эко-Хаб» елордалық студенттерге қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы түсіндірді

|
Photo: Василий Крась

Елорданың Esil университетінде «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаланың "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен Esil университеті бірлесе ұйымдастырған іс-шарада Астана қаласы «Эко-Хабы» жетекшісі Гульнара Хан дәріс оқыды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты - БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарын насихаттау. Айта кетейік, 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді. Бүгінгі дәрісте осы мақсаттардың не екені түсіндірілді және оны қалай жүзеге асыруға болатынын айттық. Біздің компания экология саласындағы ағартумен, экомәдениетке баулумен айналысқандықтан, бүгін жоғарыда айтылған Тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан өзіміздің немен шұғылданатынымызды және экологиямыздың жақсаруы үшін бірге қандай әрекет жасау қажет екенін түсіндіріп қана қоймай, іс-тәжірибелік те сабақ өткіздік. Бүгінгі дәрісте, негізінен, қалдықтарды сұрыптау туралы айттық. Бұл туралы бұрын да айтылды, бірақ тақырып төңірегіндегі ақпарат пен бағыт-бағдар жеткілікті болмады. Қазір «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мәселелерді шешуге күшті ықпал берді, халық аталған ортақ проблемаларды шешуге тартыла бастады. Бүгін біз қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәселесін нақты шешуге бағытталған «Эко-Хабтың» ұсыныстарын, қызметтерін айттық. Студенттер қандай тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге болатыны, ол үшін қайда тапсыруға болатыны туралы мағлұмат алды», - деді спикер.

Спикер студенттерге дәріс оқып қана қоймай, көрнекі экран арқылы қалдықтарды қайта өңдеудің жолдарын көрсетті.

«Жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға арналған іс-шараға Esil университеті студенттері белсенді атсалысып отыр. Дәрісте Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағыты түсіндірілді. Студенттер экологиямызды жақсарту үшін сенбіліктерге ғана қатысып қоймай, қалдықтарды қайта өңдеу туралы мол мағлұмат алды», - деді 1-курс студенті Арай Нұралы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗