Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды

Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында тұрғын үйдің бірінде заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан жасырын цехтың жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында тұрғын өз үйінде қолдан жасалған жабдықтармен алкоголь өнімдерін әзірлегені анықталды.

«Үй-жайды тексеру кезінде толы 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйық, 10 шыны колба, сондай-ақ виски, ликер және сыра секілді алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған аппарат пен спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткасы жапсырылғанымен, акциз белгісі болмаған»,-  Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.


 

Еске слаа кетсек, елімізде жыл басынан бері 580 қару тәркіленді.