Екі қайтыс болған донордың ағзасы бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
Қазақстанда бір мезгілде іс жүзінде екі мультиағзалық донорлық процесс — елордада және елдің тағы бір өңірінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Мұндай жағдайлар сирек кездеседі және трансплантологиялық жүйенің барынша жоғары деңгейде жұмылдырылуын талап етеді.
«Донорлардың бірі — Астанада 1981 жылы туған әйел адам. Ми өлімі тіркелгеннен кейін оның туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді.
Осы келісімнің арқасында трансплантаттау көмегі ұзақ уақыт бойы күту парағында тұрған бірнеше пациентке бірден көрсетілді: жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек ағзалары еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі реципиенттерге, соның ішінде Астана, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ оңтүстік өңірлерге трансплантатталды», - делінген хабарламада.
Бір уақытта екі донорлық процесті жүзеге асыру бірнеше команданың үйлесімді жұмысын талап етті.
Жедел түрде келесі күштер: Алматыдан (Сызғанов атындағы ҰҒХО) санитариялық авиация борттары, Астанадан (UMC кардиохирургиялық орталығы), Астананың трансплантаттау бригадалары және жергілікті бейінді қызметтер жұмылдырылды.
Барлық жұмыс Трансплантаттау мен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың үйлестіруімен жүргізілді.
Бұл жағдай жүйенің бір мезетте түсетін жүктемеге дайындығына маңызды сынақ болды және трансплантаттау қызметінің күшейтілген режимде жедел әрекет ете алатынын көрсетті.
«Соңғы екі жыл ішінде трансплантаттау қызметінің дамуында оң динамика бар екенін атап өткен жөн.
Әлеуетті донорларды анықтау саны артты — 2023 жылғы 49 жағдайдан 2025 жылы 186 жағдайға дейін өсті.
Егер 2023 жылы 7 донорлық процесс жүзеге асырылса, 2025 жылы — 19 қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдай тіркеліп, бұл жүздеген пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Бұл деректер жүйенің тұрақты түрде дамып келе жатқанын растайды. Алайда елдегі донорлық әлеует әлі де едәуір жоғары, сондықтан біздің міндетіміз — донорлықты саналы түрде таңдауға бағытталған мәдениетті одан әрі қалыптастыру», - деп жазды министрлік өкілдері.
Денсаулық сақтау министрлігі донорлардың туыстарына шынайы алғыс білдіреді.
Еске салайық, бұдан бұрын донордың қос бүйрегі астаналық екі науқасқа ауыстырылғаны туралы жаздық.