Дзюдодан European Cup турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдодан European Cup турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Чехияның Прага қаласында өтетін European Cup турниріне қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне 22 спортшы енді.

Ерлер

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Нұрәділ Әлжан, Сұңғат Нұрлатұлы

66 келіге дейін: Бауыржан Нарбаев, Ақжігіт Насыр

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Досжан Жолжақсынов

90 келіге дейін: Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев

100 келіге дейін: Мұхаммедәлі Мавлидов

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Жәнтілек Нұртілепұлы

Әйелдер

48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай

52 келіге дейін: Іңкәр Төлепбергенова

57 келіге дейін: Ханзада Қайратова, Шынар Абатова

78 келіден жоғары: Карина Такиева, Толқын Тұрсынақынова

Айта кетейік, турнир 27-28 маусым күндері өтеді.

Еске салсақ, қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық жарыстарда үш жүлде жеңіп алды.