03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрме өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорынан жәдігерлер ұсынылды.

Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды.

Көрменің мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗