ДСМ Конституцияға енгізілетін әлеуметтік қорғау жөніндегі түзетулерді талқылады
Ұлттық коалиция өкілдері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымымен жаңа Конституция жобасының мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Талқылау барысында азаматтарды әлеуметтік қорғауға қатысты түзетулер блогына басты назар аударылды. Сарапшылар конституциялық реформа шеңберінде еңбекшілердің құқықтық мәртебесі және олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету тетіктері туралы ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – Негізгі заңдағы басты өзгерістер туралы медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру. Бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әділ жұмыс жағдайларын жасауға және сала мамандары үшін кепілдіктерді күшейтуге қатысты.
Кездесуге «Еуразиялық медициналық қауымдастық» ЗТБ басқарма төрағасы Надежда Петухова, сондай-ақ коалиция мүшелері Венера Жексембекова, Гүлбазар Медиева, Рауан Қалиев және Мария Өтебаева қатысты.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум 15 наурызға белгіленген.
Бұған дейін Түркияда Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланғанын жаздық.