Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен аренада өтеді

11 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен аренада өтеді
Фото: dimashnews.com

12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында өзінің Stranger шоуын қояды, деп хабарлады Elordainfo.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ аренада хоккей матчтары, баскетбол турнирлері, ауқымды фестивальдер мен ұлттық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Дәл осы көпфункциялы спорт және концерт кешеніне 11-14 мың көрермен сыяды.

Арена 2006 жылы мұздағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу мақсатында салынған.

2023 жылы дәл осы жерде Латвияның XXVII ән және XVII би фестивалінің ашылу салтанаты өткен.

Әлемдік деңгейдегі көптеген өнер жұлдыздары дәл осы әйгілі сахнада өнер көрсеткен. Мұнда Брайан Адамс, Deep Purple, Depeche Mode, Эд Ширан, Энрике Иглесиас, Эрос Рамаццотти, Кэти Перри, Ленни Кравиц, Линкин Парк сынды өзге де танымал топтар мен жеке орындаушылардың шоулары өткен.