07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.

Аида Балаева комиссия мүшелеріне атқарған қызметі үшін алғыс айтып, олардың әділ және оң шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.

Айта кетейік, «Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗