«Дұғада болыңыздар». Назым Қызайбай жанкүйерлерінен қолдау күтеді
16 наурыз, 2025
ҰОК
Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Назым Қызайбай жартылай финалға шықты. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды.
Спортшы өз мүмкіндігін жоғары бағалап, жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырды.
Ертең жартылай финалдық бәсекелер өтеді... Ұлттық құрамадан 6 қыз шаршы алаңға шығамыз. Бізге сәттілік тілеп, дұғада болыңыздар, – деп жазды Қызайбай.
Айта кетейік, ол кеше Венесуэла боксшысы Седено Роджастан 5:0 есебімен басым түскен еді. Сонымен қатар, Алуа Балқыбекова (50 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Елдана Талипова (+81 кг) жартылай финалға жолдама алды.
Ұқсас жаңалықтар
11 қаңтар, 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
9 қаңтар, 2026
Елордада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
8 қаңтар, 2026
Абзал Әжғалиев: Қазақ баласы да шорт-тректен жарыса алатындығын көрсетсем деймін
8 қаңтар, 2026
Теннисші Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты