БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өңірлік экологиялық саммит алаңында БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Серік Жұманғарин БҰҰ ДБ Қазақстанның орнықты дамуды, институционалдық реформаларды және өңірлік саясатты ілгерілетудегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз өңірлік дамуға, «жасыл» трансформацияға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰ ДБ-ның 2021–2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын бірлесіп іске асырып жатырмыз», - деп атап өтті ол.
Хаолян Шу Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол сондай-ақ БҰҰ ДБ-ның бастамаларды одан әрі бірлесіп дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап өңірлік саясаттың басымдықтарын да атап өтті. Атап айтқанда, өңірлік стандарттар жүйесіне негізделген жаңа бюджеттік модель өңірлер ішінде әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымды дамытудағы теңгерімсіздікті қысқартуға бағытталғаны атап өтілді. ӨСЖ-нің негізгі мақсаты - елді мекендердегі өмір сүру жағдайын теңестіру, әсіресе ауылдық жерде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Еске сала кетсек, Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады.