Burger King-тегі дау: Жағдайды Еңбек министрлігі бақылауына алды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайды бақылауына алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесіп, өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірді», делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес («QSR» ЖШС Burger King), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру кезінде ондағы басшының бірі уақытша қызметінен шеттетілген.
Еске сала кетсек, 2026 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 1,5 млрд теңге төленетінін хабарладық.