Жеңіс Қасымбек: Бұл мереке - бірлік пен татулықтың көрінісі

Бүгін, 10:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жеңіс Қасымбек: Бұл мереке - бірлік пен татулықтың көрінісі
Фото: Жеңіс Қасымбек/ Instagram

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында елордалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздің тұрақтылығы мен орнықты дамуының негізі саналатын бірлікті, өзара сыйластық пен татулықты насихаттайды.

Тұрғындардың ауызбіршілігі мен жауапкершілігінің арқасында қаламыз қарқынды дамып, ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асып жатыр. Елордамыз уақыт өткен сайын қолайлы әрі заманауи қалаға айналып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін!», - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтағаны туралы жаздық.