Референдум-2026

Бүгін Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласында, Ақмола, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C.

Алматы қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін Қазгидрометтің 14 шілдеге арналған Астанадағы ауа райы болжамын жариялаған едік.