Бұл туралы Сенаттың ресми Telegram-парақшасында жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, дене шынықтыруды, бұқаралық және инклюзивті спортты дамыту, осы бағытта қажетті жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осылайша Taldau Community елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен аталған салада жүзеге асырылып жатқан кешенді өзгерістерді дәріптеуге белсенді үлес қосып отыр.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанның барлық өңірінде бұқаралық спорт кеңінен дәріптеліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуды көздейтін кешенді іс-шаралар да іске асырылуда. Игі дәстүрге айналған Taldau Run-ға алғашқы өңірлік жобамыз – Қарағанды Талдау мектебінің тыңдаушылары да қатысып отыр. Біздің бастамамыз жылдамдық пен нәтижені анықтайтын жарыс емес. Бұл – саламатты өмір салты, үйлесімді даму, жұдырықтай жұмылу, өзара қолдау, үнемі іздену сияқты құндылықтарды дәріптейтін қадам», – деп, Мәулен Әшімбаев спорттық іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының әкімдігіне алғыс білдірді.