Қазгидромет 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанадағы ауа райы көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы +34.. +36°С-қа дейін көтеріледі.