Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшайрасын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бұл мүшайра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі! Мүшайраның басты мақсаты: өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу», - делінген хабарламада.
Мүшәйра шарты:
Әр ақын екі туынды ұсынады:
Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді.
Хатқа:
қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000 теңге
Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000 теңге
Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000 теңге
Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000 теңге
Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000 теңге
Байланыс тел: +7 747 702 9797