Биыл Президент 9 өңірге жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 10:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Биыл Президент 9 өңірге жұмыс сапарымен барды
Фото: akorda.kz

Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді. Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады», - деп жазды Руслан Желдібай.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізгенін жаздық.