Биыл еліміздегі ЖЭО-ларда 55 қазандық пен 51 турбина күрделі жөндеуден өткізіледі
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылыту маусымы және электр станцияларында қандай жөндеу жұмысы жүргізілетіні жөніндегі мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәлімдеуінше, еліміздегі жылу көздеріндегі температуралық режим сақталып отыр, отын қоры белгіленген нормативке сәйкес келеді.
Жүйелік оператордың бекітілген кестесіне сәйкес 2026 жылы электр станцияларында 9 энергия блокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 1 энергия блогында, 4 қазандықта және 1 турбинада жөндеу жұмыстары басталды. 1 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.
Еске сала кетсек, бұған дейін биыл елімізде қандай энергия нысандары іске қосылатынын хабарладық.