Бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді – Тоқаев

5 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді – Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында сыртқы саясатқа қатысты жо­ғары дең­гейдегі іс-шаралардың көп­тігі Қазақ­стан­ның абырой-беде­лі өсіп, халық­ара­лық құқық субъек­тісі ретіндегі рөлі арта түскенін көрсететінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Шетелге жасаған са­пар­ларым­нан бөлек, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс аймақтарындағы ық­пал­ды мемлекеттердің басшылары Астана­ға сапармен келді.  
Әрбір келіссөзде экономикалық жә­не инвестициялық ықпалдастыққа, әлем­дік аренадағы қарым-қатынасқа қа­тысты маңызды мәселелер көтеріледі. Был­тыр экономикамыздағы басымдық берілген салаларды дамыту үшін жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын құжаттарға қол қойылды. 
Қазақстан Еуразия кіндігінде орна­лас­қан ел ретінде, әсіресе, қазіргі алма­ғайып заманда түрлі үдерістен сырт қал­­мауы керек. Біздің халықаралық қа­­­­­тынастағы негізгі мәселелер туралы өз көзқарасымыз, нақты ұстанымымыз болуға тиіс. Сондықтан, мен БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының мерейтойлық сессия­сын­да осы әмбебап жаһандық ұйымды ре­формалауға қатысты Қазақстанның ұста­нымын егжей-тегжейлі айтып өттім.     
Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жа­бық кеңестер мен пікірталастарға қа­тысамын, оның үстіне бірқатар мем­лекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі попу­лизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жа­бық кеңестерге қатысушылар үшін де маңызды болса керек», - деді Президент. 

Еске салайық, бұдан бұрын Turkistan газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты көлемді сұхбаты жарияланғаны туралы жаздық.