Бірлік пен жауапкершілік болса, кез келген сын-қатерді еңсереміз - Ғабит Тәжімұратов
Астана қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Тәжімұратов Мемлекет басшысының Turkistan газетіне берген сұхбаты жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты Turkistan газетіне берген сұхбатында еліміздің дамуындағы жаңа кезеңге тоқталды. Президент атап өткендей, Қазақстан жаңғыру жолында маңызды қадам жасап, өркениетті, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасып келеді.
Бұл елде жүзеге асырылып жатқан кешенді реформалардың, жауапты басқару мен қоғам мүддесіне бағытталған саясаттың нақты көрінісі. Экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, өңірлерді дамыту осы өзгерістердің негізгі бағыттары. Алға қойған мақсаттарымыз айқын. Бірлік пен жауапкершілік болса, кез келген сын-қатерді еңсеріп, жаңа жетістіктерге жете аламыз», - деп атап өтті мәслихат депутаты.
Айта кетейік, бүгін Turkistan газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарияланды.