Бір палаталы парламент заң қабылдау процесін жеделдетеді - саясаттанушы
Астанада өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда тәуелсіз сарапшы, саясаттанушы Бауыржан Серікбай өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.
Бауыржан Серікбайдың айтуынша, қазіргі кезде елімізде ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылып жатыр.
«Менің ойымша, бұл өзгерістер уақыт талабынан туындап отыр және мемлекеттік басқару институттарын заманауи талаптарға сай жетілдіру мен бейімдеуге бағытталған», - деді ол.
Сарапшы бір палаталы жүйеге көшудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, реформалардың маңызды бағыттарының бірі – Парламенттің атауын Құрылтай деп өзгертіп, бір палаталы жүйеге көшу. Геосаяси үдерістер күрделенген кезеңде бұл қадам заң қабылдау процесін жеделдетіп, қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға, сондай-ақ саяси партиялардың жауапкершілігі мен белсенділігін күшейтуге ықпал етеді деп санаймын», - деді саясаттанушы.