Референдум-2026

Бір айда елімізде 269 мыңнан астам құжат рәсімделді

Бүгін, 14:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бір айда елімізде 269 мыңнан астам құжат рәсімделді
фото: «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

Биыл маусым айында ел азаматтарына 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Корпорация мәліметінше, жаздың алғашқы айында, яғни, демалыс пен саяхатқа дайындық кезеңінде көптеген қазақстандықтар құжаттарын жаңартады.

Осыған орай "Азаматтарға арналған үкімет" жаздың алғашқы айында құжаттарды ең көп рәсімдеген өңірлердің рейтингін ұсынды. 

Сондай-ақ мамандар ҚР азаматтарына егер жеке куәлік немесе паспорттарының қолданылу мерзімі аяқталуға жақындаса, құжаттарды алдын ала рәсімдеуге шақырды. Жеке куәлік пен паспорт 15 жұмыс күнінде дайындалады. Қажет болған жағдайда ақылы жеделдетілген қызметті пайдалануға болады. Бұл қызмет бойынша құжаттар өңірге байланысты 1-ден 7 күнге дейінгі мерзімде дайындалады.

Еске салсақ, арнайы ХҚКО-дан дайын құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға болатынын жазғанбыз.