Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қызметке Берік Шолпанқұлұлы 2021 жылы 5 сәуірде тағайындалған.
Ол 1976 жылы 4 наурызда дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және ШҚТ» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасында оқыған.
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы вице-министрі, Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.