Бектенов: Жазғы демалысты қауіпсіз өткізу – барлық мемлекеттік органдар үшін ортақ міндет

Бүгін, 12:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов: Жазғы демалысты қауіпсіз өткізу – барлық мемлекеттік органдар үшін ортақ міндет
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін қарау кезінде Олжас Бектенов қауіпсіз және ұйымдастырылған демалысты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Кезекті оқу жылы аяқталды. 200 мыңнан астам түлек үшін бұл – өте маңызды есею кезеңі, емтихан тапсырады, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді, университеттерге түседі. Көпшілігі жазғы демалысқа шығады.

Осы жауапты кезеңді тиісті деңгейде әрі қауіпсіз өткізу – барлық мемлекеттік органдар үшін ортақ міндет.

Әрбір мектеп оқушысы, әрбір түлек, әрбір студент үшін оқу жылын сәтті аяқтауға және жазғы демалысты толыққанды өткізуге қолайлы жағдай жасалуы тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.

Жауапты министрліктер мен әкімдіктерге емтихандар мен мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қауіпсіздік шараларын қабылдау тапсырылды.

«Оқу-ағарту, Ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мен әкімдіктер емтихандар мен мектеп бітіру шаралары кезінде түбегейлі қауіпсіздік шараларын қабылдауы қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді.