Бектенов авиация саласында технологиялық жаңарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бүгін, 12:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов авиация саласында технологиялық жаңарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде авиация саласын дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға Қазақстанды өңірдегі жетекші авиациялық хабқа айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды.

Аталған мақсатқа жету үшін қолданыстағы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, отандық және халықаралық әуе компанияларына қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Әуе кемелерінің паркі мен тасымалдау географиясы кеңейіп келеді. Цифрлық шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде енгізілуде», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр саланы технологиялық жаңарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Көлік министрлігі қажетті инфрақұрылымды, сервис пен техниканы үнемі жаңартып, нарық пен технологияларға әрдайым талдау жүргізіп отыруы тиіс.

Еске сала кетейік, Қазақстан алдағы бес жылда аэронавигация инфрақұрылымын толық жаңартады.