08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

|
Photo: Фото: freepik.com

Бас прокуратура азаматтарға жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жаcап.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіп туралы ескертеді», - делінген хабарламада.

Құзырлы органның мәліметінше, бірқатар кибершабуыл нәтижесінде АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шеккен. Бұл туралы шетелдік дереккөздер жазып жатыр.

Интернет-алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, өздерінің банк шоттарына аудару арқылы ақша ұрлаған. Алаяқтар бұл әрекетін басқа елдерде де жасауы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Бас прокуртура киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін мына кеңестерді ұсынады:

-сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;

-күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗