Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін, 18:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді
Фото: видеодан скриншот/ ҚР Бас прокуратурасы

Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Сәкен Жорабековтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде - көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. 

Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің жалпы кемуі байқалғанымен, ауыр қылмыстардың, соның ішінде поездарда жасалу қаупі, сондай-ақ есірткі құралдары мен суық қарудың заңсыз айналымы фактілері сақталып отырғаны атап өтілді.

Отырыс барысында алдын алу шараларын, ведомствоаралық іс-қимылды, тыйым салынған заттардың айналымына бақылауды күшейту, сондай-ақ оларды өткізуді және жарнамалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты ден қою шараларын қабылдау қажеттігіне баса назар аударылды.

Сонымен қатар есірткі қылмысына, кибералаяқтыққа, теміржол көлігіндегі жүк ұрлығына қарсы іс-қимыл, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік сипаттағы жалған хабарламалардың алдын алу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымы нысандарында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.