BaiQymyz гастрофестивалінде үздік ұлттық киім иесіне жылқы сыйға тартылады
Астанада 11-12 шілде күндері өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі аясында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026» байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Байқауға фестиваль қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгілерімен қатыса алады.
Жеңімпазды анықтау барысында киімнің ерекшелігі және ұлттық элементтердің үйлесімі бағаланады. Үздік ұлттық образ иесіне Жылқы сыйға тартылады.

Айта кетейік, билеттерді Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Келушілер бір күнге немесе фестивальдің екі күніне де арналған билеттерді таңдай алады. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.
Оқи отырыңыз: BaiQymyz гастрономиялық фестиваліне қалай жетуге болады
Бұған дейін Астанада демалыс күндері BaiQymyz-2026 гастрофестивалі өтетінін жаздық.