Референдум-2026

Елордада BaiQymyz гастрономиялық фестиваліне қалай жетуге болады

Елордада BaiQymyz гастрономиялық фестиваліне қалай жетуге болады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 11-12 шілде күндері қымыздан дәм тату, концерттер, ұлттық ойындар, көрмелер мен этномәдени іс-шаралардың басын қосқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль өтетін орынға тұрғындар мен қала қонақтарының ыңғайлы әрі жылдам жетуі үшін қоғамдық көлікпен қатынауы, сондай-ақ мүмкіндігінше жеке автокөлікпен келмегені жөн.

Осыған байланысты 7-13 шілде аралығында №18, №37 және №303 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл кезеңде автобустар фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды.

Ал фестиваль өтетін 11 және 12 шілде күндері аталған бағыт ұзартылған режимде жұмыс істеп, автобустар сағат 23:00-ге дейін қатынайды.

Айта кетерлігі, BaiQymyz-2026 фестивалі 11-12 шілдеде «Қазанат» ипподромында өтеді. Бағдарлама аясында қымыздың сан түрінен дәм тату, «Үздік қымыз» халықаралық байқауы, жылқының ұлттық тұқымдары көрмесі, қолөнер жәрмеңкесі, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер, ұлттық және заманауи спорт түрінен жарыстар, сондай-ақ басқа да мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еске салсақ, былтыр Абай, Қарағанды, Ақмола облыстары Астанада өткен BaiQymyz гастрофестивалінің жеңімпазы атанды.