Астанада демалыс күндері BaiQymyz-2026 гастрофестивалі өтеді
Астанада 11-12 шілде күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазақтың ұлттық тағамдарына арналған халықаралық BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтеді. Екі күн бойы гастрономияны, ұлттық спорт түрлерін, халық ойындарын, концерттерді, көрмелерді және отбасылық демалысқа арналған түрлі ойын-сауық бағдарламаларын қамтитын мазмұнды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Фестивальдің басты оқиғасы – қымыз байқауы. Онда үздік өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, келушілер ұлттық сусынды дайындау дәстүрімен танысып, қымыздан дәм тата алады. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық тағамдарды әзірлеу бойынша аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Үздік қазы» байқауы ұсынылады.

Ұлттық спортты ұнататындар көкпар, бәйге, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату жарыстарын, сондай-ақ «Қой көтеру», «Жілік сындыру», ат үстіндегі квиддич және басқа да ұлттық ойындарды тамашалай алады. Фестивальдің басты сахнасында екі күн бойы танымал қазақстандық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушылар келушілерге фестиваль өтетін орынға қоғамдық көлікпен келуді кеңес етеді. Осыған байланысты 7-13 шілде аралығында №18, №37 және №303 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл кезеңде автобустар фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына дейін қатынайтын болады.
Оқи отырыңыз: Елордада BaiQymyz гастрономиялық фестиваліне қалай жетуге болады
Фестивальге билеттерді Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Келушілерге бір күнге немесе екі күнге бірден билет алу мүмкіндігі қарастырылған. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.