«Бақытты шегіртке»: Дженнифер Лопестің концертінде ерекше оқиға болды
11 тамыз, 2025
фото: видеодан алынған кадр/instagram.com/archibaaalt/
Кеше әлемге әйгілі америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопес Алматыда өнер көрсетті. Блогер Артур Асқарұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында концерт барысында болған ерекше оқиға туралы жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желіде тез тараған бейнежазбадан Джей Ло ән айтып жатқан кезде оның мойнына шегіртке өрмелеп шыққанын көруге болады. Алайда әнші ән айтуды жалғастырып, шегірткені ақырын ғана мойнынан итеріп жіберді.
Желі қолданушылары сахнада пайда болған күтпеген «қонақ» туралы түрлі пікір жазып жатыр.
«Тіпті шегіртке Джей Лоның концертінде болды», «Міне, нағыз VIP орын», «Джей Ло жарады, шегірткені көрсе де сабырлық танытты», «Бақытты шегіртке», «Билетсіз келіп тұр» ,- деп жазуда олар.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты