08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бұрын сотты болған әйел Астанада мешітте ұрлық жасады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бұрын сотты болған әйел Астанада мешітте ұрлық жасады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ерекше іс қаралды. Нұра ауданының пробация қызметі мешітте ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған азаматшаға қатысты жазаны қатаңдату жөнінде ұсыныс енгізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол намаз үстінде отырған жамағаттың жеке заттарын аңдып, қараусыз қалған сәтті пайдаланып ұрлық жасаған. Осы қылмысы үшін оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді. Алайда пробациялық бақылау барысында сотталған әйел бірнеше рет тәртіп бұзғаны анықталды. Ол сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарып, жазаның шарттарын елемеген.

«Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны қатаңдату туралы ұсыныс жолдады. Сот ұсынысты қарап, сотталушының тәртіпсіз әрекеттерін ескере отырып, бас бостандығын шектеу жазасын 1 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл жағдай – сотталған азаматтарға берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланудың маңызын және пробациялық бақылаудың қатаң сақталуы қажеттігін көрсетеді», - деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗