Азиа ойындары-2026: Қазақстан намысын үш велошабандоз қыз қорғайды

Азиа ойындары-2026: Қазақстан намысын үш велошабандоз қыз қорғайды
Фото: ҰОК

Қазақстанның тас жолдағы велоспорттан әйелдер құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өтетін құрлықтық додада Қазақстан намысын Рината Сұлтанова, Виолетта Казакова және Елизавета Склярова қорғайды.

Қазақстандық спортшылар топтық жарыста бақ сынайды. Сонымен қатар Рината Сұлтанова уақытқа өтетін жекелей жарысқа қатысады.

Бұған дейін ерлер құрамының да тізімі жарияланған болатын. Қазақстан сапында Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров өнер көрсетеді.

2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Elordainfo.kz тілшісіне Азия ойындарына дайындық барысы туралы айтқан болатын.