AVC Women’s Volleyball Cup 2026: Қазақстан екінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 18:25
Думан Аманжол Думан Аманжол
AVC Women’s Volleyball Cup 2026: Қазақстан екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

AVC Women’s Volleyball Cup 2026 турнирінің топтық кезеңіндегі екінші ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Индонезияны 3:0 есебімен жеңген ел құрамасы жеңіс жолын жалғастырды.

Сет нәтижелері: 25:19, 25:19, 25:19 болды.

«Команда матч бойы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы екінші жеңісін тіркеп, келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігін арттырды», деп хабарлады волейбол федерациясы.

Еске салсақ, қазақстандық ескекшілер Мәскеуде алтын мен күміс жеңіп алды.