06.12.2025
RU
Мәзір

Атырауда жанармай құю бекетінің аумағында автобус өртенді

|
Атырауда жанармай құю бекетінің аумағында автобус өртенді
Фото: ТЖМ

Атырау облысының Доссор ауылында орналасқан жанармай құю бекетінің аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне түскен бойда, құтқару бөлімшелері шұғыл түрде оқиға орнына жіберілген.

Өрт станцияға таралмай дер кезінде тоқтатылды

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның жанармай құю станциясына таралу қаупі болмаған.

ТЖМ өртті аз уақыт ішінде толық сөндіргенін мәлімдеді.

Зардап шеккендер жоқ

Министрлік таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗