Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
30 қазан, 2025
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.
Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді.
Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.
Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір, 2026
«Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады
10 сәуір, 2026
Тоқаев ғалымдармен кездесуде «Таза Қазақстан» жобасының түпкі мәніне тоқталды
10 сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн
8 сәуір, 2026
Президент Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келуге қатысты пікірін білдірді