Астананың барлық ауданында мектеп жәрмеңкелері өтуде
1-31 тамыз аралығында Астананың барлық ауданында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары жаңа оқу жылына қажетті тауар мен мектепке керек-жарақты қолжетімді бағада сатып ала алады.
«Қазір жәрмеңкелер қаланың әр ауданында өтіп жатыр. Сауда орындарына күн сайын 200-ден 400-ге дейін адам келіп, кеңсе тауары, мектепке қажетті керек-жарақ және оқу жылының басталуына қажетті басқа да затты сатып алуда», - делінген хабарламада.

Жәрмеңкелер әр демалыс сайын мына орындарда жұмыс істейді:
Сарыарқа ауданы – «Рахмет» СОО, Н.Тілендиев даңғылы, 15;
Нұра ауданы – «Magnum» супермаркеті, Тұран көшесі, 55Д, сондай-ақ «Era bazary», Қорғалжын тасжолы, 96;
Алматы ауданы – «Гүлжан» СҮ, Абылай хан даңғылы, 34 және «Астана Молл» СОО, Тәуелсіздік даңғылы, 34;
Сарайшық ауданы – әр сенбі және жексенбі күндері «Жібек жолы» СОО, А.Байтұрсынов көшесі, 34 және «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С.Сейфуллин көшесі, 45/1.
Сондай-ақ елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Ірі сауда орталықтарына арнайы жәшік қойылып, қала тұрғындары оған мектепке арналған керек-жарақтары мен оқу жылына қажетті басқа да затты тапсыра алады. Көмек жинауға арналған жәшіктер мына орындарда тұр:
Нұра ауданы – «Сарыарқа» СОО, Тұран даңғылы, 24;
Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1;
Сарайшық ауданы – «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
Алматы ауданы – «Аружан» СОО, І. Жансүгіров көшесі, 8/1.
Мектеп жәрмеңкелерінің ұйымдастырылуы елорда тұрғындарына жаңа оқу жылына қажетті тауарды қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік берсе, «Мейірімді алақан» акциясы көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға әркімнің өз үлесін қосуына жол ашады.
Еске салсақ, Астанада әкімдіктің білім грантын иеленгендер тізімі бекітілді.