Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады
10 тамыз, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған бастамаға «TANYM» көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Абай күніне орай балалар кітапханасында әдеби-мәдени іс-шара өткені туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды
27 қыркүйек, 2026
Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті
27 қыркүйек, 2026
«Еңбек келбеті»: Астанада еңбек адамдарына арналған фотокөрме өтті
26 қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: «Нұра» ауданында 400-ге жуық ағаш отырғызылды