Астаналық полицейлер жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгерді

Бүгін, 13:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық полицейлер жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгерді
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астана қаласы Полиция департаментінің басшылық құрамы жасанды интеллект технологияларын қызметтік жұмыста қолдану бойынша екі күндік практикалық оқудан өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

29-30 тамыз күндері ҚР ІІМ Басқару академиясының базасында Цифрлық үкіметті қолдау орталығы департаменттің басшылық құрамына арналған оқыту ұйымдастырды. Оның мақсаты – жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту және заманауи цифрлық құралдарды қызметтік қызметке енгізу.

Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект негіздерін, Vibe Coding технологиясын, қызметтік мақсатта жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктерін зерделеп, промпт-инжиниринг дағдыларын меңгерді. Практикалық сабақтар кезінде басшылар нейрожелілердің көмегімен жұмыс міндеттерін шешіп, құжаттармен жұмыс барысында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Оқытудың жеке бөлімі сыртқы ақпараттық контурмен жұмыс істеуге және OSINT-талдауға – ашық ақпаратты іздеу мен өңдеуге арналды. Сондай-ақ қатысушылар заманауи жасанды интеллект ассистенттері мен цифрлық платформалардың мүмкіндіктерімен танысты.

Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін дамыту қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты екенін атап өтті. Бұл басқару және қызметтік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект шешім қабылдаушы емес, көмекші құрал болуы тиіс – Әлия Қанатова

Жасанды интеллект полиция қызметінің жеделдігін, дәлдігін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи құралға айналуда.