Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге танымдық экскурсия ұйымдастырды

Бүгін, 17:52
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге танымдық экскурсия ұйымдастырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада полиция департаментінің қызметкерлері ерте жастан кәсіби бағдар беру және балалардың әлеуметтік таным көкжиегін кеңейту мақсатында «Mega Kids» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара бүлдіршіндер үшін нағыз білім беру тәжірибесіне айналды. Олар полиция қызметкері мамандығымен танысып, тәртіп сақшыларының қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қалай қамтамасыз ететінін көрді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балаларға кинологиялық қызметтің иттерін көрсетті. Ал полицияның күнделікті қызметінде қолданылатын арнайы техниканың көрсетілімі балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.