Астаналық мәдениет қызметкерлері Есіл жағалауында Әнұранды әуелетті
Астанада 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше патриоттық іс-шара өтті. Есіл өзенінің жағалауындағы елордалық амфитеатрда мәдениет саласының қызметкерлері бас қосып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік Әнұранды бір мезетте орындаған қатысушылар елдің басты нышандарына деген құрметін білдіріп, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қазақстандық патриотизмді нығайту. Мұндай бастамалар азаматтардың ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.



Бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордадағы К.Әзербаев көшесі, 6 мекенжайында орналасқан абаттандырылған ауланың ашылу салтанаты өткенін жаздық.