Астана тұрғындары мен қонақтары үшін апта сайын жеке сот орындаушыларының қатысуымен тікелей эфирлер өткізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тікелей эфирді елордалық Әділет департаменті ұйымдастырады.
«Апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Астана қаласының жеке сот орындаушыларының қатысуымен тікелей эфирлер өткізілетін болады. Мұндай кездесулердің мақсаты – атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелерін жариялау және жеке сот орындаушылары институтының имиджін арттыру», - деді Астана қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Аян Қоңырбасов.
Тікелей эфир Астана қаласы Әділет департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өтеді.
Елорда тұрғындары үшін бұл – қызықты сұрақтар қоюға, түсініктеме алуға және сот орындаушыларының қызметімен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік.