Астанадан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстері іске қосылады

Астанадан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстері іске қосылады
Фото: FlyArystan компаниясы

Қазақстандық лоукостер Астана - Ыстықкөл - Астана бағыты бойынша жаңа маусымдық рейсті іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz FlyArystan әуе компаниясына сілтеме жасап.

Тікелей рейстер 3 шілде мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Астанадан ұшу уақыты 07:30-ға жоспарланған, Ыстықкөлге (Тамшы) келу уақыты – 10:45. Кері бағыттағы рейстер 12:00-де ұшып, Астанаға 13:20-да (жергілікті уақыт бойынша) келеді. Таңғы кесте жолаушыларға курортқа түске дейін жетіп, демалыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әуекомпания Алматыдан Ыстықкөлге (Тамшы) маусымдық рейстер орындайды.
Алматыдан рейстер кестесі: 18 маусымнан 30 тамызға дейін аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері.

Еске сала кетсек, Uzbekistan Airways әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады.