18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада зейнеткерлер үшін пилатес үйірмесі ашылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада зейнеткерлер үшін пилатес үйірмесі ашылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы егде жастағы адамдарға арналған пилатес үйірмесін іске қосты. Жаттығулар бұлшықеттерді нығайтып, буындардың қозғалысын жеңілдетіп, дене икемділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы биыл сауықтыру бағытындағы жаңа қызмет түрін қосып, пилатес үйірмесін ұйымдастыруды қолға алды.

Атап айтқанда, пилатес үйірмесі «Алматы» ауданында қыркүйек айынан бастап, ал «Сарайшық» ауданында қараша айынан бастап жүргізіле бастады.

Үйірмені жүргізу үшін орталықтың 3 спорттық нұсқаушысы арнайы дайындықтан өтті.

Қазіргі уақытта Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 30-ға жуық зейнеткері пилатес сабағына тұрақты қатысып, өз денсаулықтарын жақсартып жатыр.

«Бұл ең алдымен, зейнеткерлердің денсаулығы үшін маңызды. Егде жастағы адамдар үшін ең үлкен қауіптердің бірі – тепе-теңдікті жоғалтып, құлап қалу.

Жаттығулар дұрыс тыныс алуға, тепе-теңдікті сақтауға, ең бастысы денеге ғана емес, көңіл-күйге де оң әсер етеді. Сол себепті бұл әлеуметтік жобаны қолға алып отырмыз, алдағы жылы тағы да екі ауданда пилатес үйірмесін ашу жоспарда бар» - дейді Перспективті даму және әлеуметтік жобалар бөлімінің маманы Айнаш Уәлиева.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗