Астанада жас боксшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
Бүгін елордадағы «Tony Boxing» бокс мектебінің қатысушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Акцияның басты мақсаты - өсіп келе жатқан жас буынды салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, тазалыққа да шақыру.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына әр ай сайын тұрақты түрде қатысамыз. Бұл жерде біз балаларға тазалық пен тәртіпті бойына сіңіруге тырысамыз», - деді «Tony Boxing» бокс мектебінің жаттықтырушысы Антон Попов.

Дәл қазіргі сәтте бокс мектебінде 5-15 жас аралығындағы 60-тай бала спортпен шұғылданады. Олардың арасында спорт шеберлігіне үміткер, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері Серік Рыскелді секілді болашағынан зор үміт күттірер шәкірттер де бар.
Жаттықтырушының айтуынша, тазалыққа баулу – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі:
«Бала кезде біз бе сенбіліктерге белсенді түрде қатысып, айналамызды таза ұстау керектігін түсінген едік. Енді бапкер ретінде менің де өзімнің балаларымның бойына тазалықты сіңірудің кезегі келген секілді», - деп Антон Попов өз ойын түйіндеді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Таза Қазақстан» акциясы 2024 жылдан бері елімізде жалғасып келе жатыр.

