Астанада жаңа мурал пайда болды
Астанада Бөлекпаев көшесі, 13 мекенжайында «Арманың асқақ болсын!» атты жаңа мурал бой көтерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көркем туынды адамның арманға ұмтылысы, жаңа белестерді бағындыруы және өз мүмкіндігін кеңейтуі идеясын бейнелейді.
Муралдағы ұшақ саяхаттың ғана емес, адамның ішкі өзгерісі мен батыл шешім қабылдауға дайын екенінің символы ретінде көрініс тапқан. Ал гүлденген ағаштар кез келген жетістіктің негізінде даму мен үздіксіз ізденіс жатқанын білдіреді.

Бұл туынды қала кеңістігін көркейтіп қана қоймай, тұрғындар мен қонақтарды биік мақсат қойып, арманына сенуге және жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуға үндейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы ерекше мурал жаңа туристік фотоаймаққа айналғанын жаздық.