Астанадағы LRT құрылысы: жол учаскесінде қозғалыс ішінара шектеледі
15 шілде, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
16 қазанға дейін № 108 LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарына Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде күздің ортасына дейін қозғалыс ішінара шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше 15 шілде сағат 23:00-ден бастап 16 қазанға дейін № 108 LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.
«Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының бойында Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесі бағытында қозғалыс ішінара шектеледі – жол бір жолаққа дейін тарылады. Кері бағытта қозғалыс өзгеріссіз қалады», - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік қала тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауға шақырып, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
11 қаңтар, 2026
Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толықты
10 қаңтар, 2026
Елорда мектептерінде балалары мемлекеттік тілде оқитын аналарға қазақ тілі курстары өтіп жатыр
9 қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының сабаққа психологиялық дайындығын ЖИ бағалайды