Елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан жарақат алған фельдшер ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Әлия Рүстемова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер — әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», - деді Әлия Рүстемова.