14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада терминографияның өзекті мәселелері талқыланды

|
Photo: Тіл саясаты комитетінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада терминографияның өзекті мәселелері талқыланды

|
Photo: Тіл саясаты комитетінен

Астанада Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Терминография: теория, практика және даму бағыттары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Офлайн және онлайн форматта өткен жиынға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары, тіл мамандары, мемлекеттік орган өкілдері мен салалық сарапшылар қатысты.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов төрағалық етіп, терминология саласының ұлттық ғылымдағы және цифрлық трансформация жағдайындағы рөліне тоқталды. Ол тіл саясаты мен терминологиялық жұмыстың өзара байланысын күшейту, цифрлық дерекқорларды дамыту және салалық терминдерді біріздендірудің маңызын атап өтті.

Жиналыста бірқатар ғылыми баяндамалар ұсынылып, қазіргі терминографияның бағыттары жан-жақты талқыланды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, PhD Рима Әбдуәлиева математикалық терминдер жүйесін жасауда нейрондық жүйелерді қолдану мәселелерін көтеріп, жасанды интеллекттің терминжасамға енгізілуі саланы жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті. Астана қаласы №16 мектептің мұғалімі, PhD Ақжібек Ахмет цифрлық кеңістікте қалыптасып жатқан будан терминдер туралы зерттеуін ұсынып, жаңа терминдердің жасалу табиғаты мен олардың тілдік жүйеге әсерін талдады. Сонымен қатар Muqaba баспасының директоры Арман Әлменбет баспа ісіндегі термин жасаудың ерекшеліктерін «Комментатор сөздігі» мысалында түсіндіріп, тәжірибелік тұрғыдан терминографияның маңызын көрсетті.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, саланың даму бағыттарын айқындауға арналған бірқатар ұсыныстар қабылдады. Терминологиялық дерекқорларды жетілдіру, цифрландыруды тереңдету, жасанды интеллектті терминологиялық талдауға енгізу және салалық мамандар мен лингвистердің бірлескен жұмысы конференция қорытындысында негізгі басымдық ретінде белгіленді.

Жиын нәтижесінде терминографияны дамытуға бағытталған нақты ұсыныстардан тұратын арнайы қарар қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗